Gradus платформасын пайдалану шарттары

Пайдаланушы шарты және құпиялық саясаты

КЕЛІСІМДЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

«Қосымша» - «Gradus: смартфондағы социология» мобильді қосымшасы, оны Google Play және App Store сервистері арқылы тегін жүктеуге және содан соң Интернет желісіне қосылған Құрылғыларда пайдалануға болады, оның көмегімен Пайдаланушы әртүрлі әлеуметтік сұраулар мен қоғам пікіріне сұраулардан өту мүмкіндігіне ие болады.

«Әкімші» – «Gradus Kazakhstan (Градус Казахстан)» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және қызмет ететін, Қосымшаны пайдалану тәртібі мен талаптарын белгілейтін заңды тұлға, БСН 210740030298.

«Пайдаланушы» – Қазақстан Республикасының аумағында тұратын, Қосымшаға кіре алатын және Қосымшада тіркеу процедурасын өткен, Қазақстан Республикасының 14 жасқа толған кез келген азаматы/азаматшасы, тіркеу процедурасына Қосымшада орналастырылған тіркеу формасын қажетті көлемде толтыру және оны Әкімшіге жіберу кіреді, және Әкімшіде Пайдаланушыны тіркеуге қатысты наразылықтар жоқ болса Пайдаланушыға өзінің Есептік жазбасына кіруге арналған логин пен құпиясөз беріледі. 14 жасқа толмаған тұлғалардың Қосымшаны пайдалануға құқығы жоқ.

«Келісім» – осы пайдаланушы шарты мен құпиялық саясаты.

«Сайт» – иесі мен әкімшісі Әкімші болып табылатын https://gradus.app домен атауымен (адреспен) сәйкестендірілген веб-сайт.

«Құрылғы» – Пайдаланушының техникалық құрылғысы – (1) Пайдаланушының Қосымшаға кіруіне мүмкіндік беретін Android немесе iOS версиясындағы операциялық жүйе базасындағы смартфон, немесе асқалардың ішінде (2): электрлік есептеу машинасы (дербес компьютер, оның ішінде стационарлы компьютер, ноутбук, нетбук, интернет-планшет), ұялы/мобильді телефон, смартфон; коммуникатор (Personal Digital Assistant); ойын манипуляторы/приставка, set top box приставкалар және Сайтқа кіруге көмектесетін басқа ұқсас құрылғылар.

«Есептік жазба» – Қосымшаны Пайдаланушының есептік жазбасы, оған Пайдаланушы авторландыру үшін қажетті ақпарат кіреді.

  1. КЕЛІСІМ МӘНІ

1.1. Осы Келісімнің мәні Әкімші мен Пайдаланушы арасындағы Қосымшаны және/немесе Сайтты пайдалану бойынша қарым-қатынас болып табылады.

1.2. Қосымшаның көмегімен Пайдаланушыға Әкімші жүргізетін әлеуметтік сұраулардан өту мүмкіндігі беріледі.

1.3. Осы Келісім жария оферта болып табылады. Пайдаланушының осы Клісімде көрсетілген әрекеттерді жасауы, атап айтқанда: Қосымшаны және / немесе Сайтты, оның кез келген қызметін пайдалану, сұраудан өту, тіркеу формаларын жолдау, ақпарат беру, тиісті гиперсілтемелерге өту, сонымен қатар Қосымшаға тіркелу процесінде тиісті белгілеу қою, және осы Келісімде көрсетілген басқа амалдарды орындау Пайдаланушының осы Келісімнің барлық тармақтарына толық және даусыз келісімі болып табылады, және Әкімші мен Пайдаланушы арасында екіжақты келісім жасалғанын растайды. Пайдаланушы осы Келісімнің кез келген талабымен келіспеген жағдайда Пайдаланушы Қосымшаны және/немесе Сайтты бұдан әрі пайдаланудан бас тартуға міндетті.

2.КЕЛІСІМНІҢ ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАРЫ

2.1. Келісімді Әкімші кез келген уақытта Пайдаланушыға ол туралы хабарламастан өзгере алады. Қолданыстағы редакциядағы Келісім сайтқа орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.

2.2. Пайдаланушы Келісім талаптарымен өз бетінше танысуға және ондағы өзгерістерді қадағалап отыруға міндеттенеді. Пайдаланушының Қосымшаны / Сайтты Келісімге әлдеқандай өзгерістер енгізгеннен кейін және/немесе оны толықтырғаннан, оны жаңа редакцияда мазмұндағаннан кейін пайдалануды жалғастыруы Пайдаланушының Келісімнің мұндай өзгерістеріне және/немесе жаңа редакциямен толықтырылғанына келісімін білдіреді. Пайдаланушының Келісімнің қолданыстағы талаптарын білмеуі Пайдаланушыны Келісімде қарастырылған міндеттерден, сонымен қатар оларды орындамағаны және / немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.

3. ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ, КЕПІЛДІКТЕРІ

3.1. Пайдаланушы Қосымшаны тек жеке коммерциялық емес мақсаттарда, атап айтқанда Қосымшада ұсынылған әр түрлі коммерциялық, әлеуметтік, мәдени және басқа сұрақтар бойынша сауалнамадан өту үшін пайдалануға, Келісім талаптарын және Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауға, сонымен бірге Әкімшінің және/немесе үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға міндеттенеді.

3.2. Пайдаланушы Қосымшаға рұқсатсыз кіруге әрекеттене отырып, Қосымша жұмысының тұрақтылығын бұзуға бағытталған қандай да бір амал жасамауға, сонымен қатар Қосымшаның функционалдық қасиетін өзгертуге бағытталған кез келген басқа әрекет жасамауға, сондай-ақ Әкімшінің және / немесе үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзатын кез келген басқа әрекет жасамауға міндеттенеді.

3.3. Қандай құрылғыны қолданғанына қарамастан Пайдаланушы Қосымшаны пайдалану үшін бір есептік жазбаны пайдалануға міндетті.

3.4. Пайдаланушы аккаунтын тіркеу үшін тек қазақстандық ұялы байланыс операторының телефон нөмірін пайдалануға міндетті.

3.5. Пайдаланушы осымен өзінің 14 жасқа толғанын растайды. Әкімші балалар туралы ақпараттың, дербес деректердің қорғалуына өте ұқыппен қарайды және аталған ақпараттың құпиялылығын қорғауға ұмтылады. Келісімнің осы тармағының талаптарын сақтау үшін қажетті жасқа жетпеген жеке тұлғаның жауапкершілігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оның ата-анасына, асырап алушысына, қорғаншысына, қамқоршысына немесе басқа заңды өкіліне жүктеледі. Әкімші 14 жастан кіші Пайдаланушының / жеке тұлғаның Қосымшаны пайдаланғаны үшін жауап бермейді. Егер Сіз 14 жасқа толмаған тұлғаның ата-анасы болсаңыз және Сіздің балаңыз Сіздің келісіміңізсіз Есептік жазба жасады деп санасаңыз мына адрес бойынша бізге хабарласыңыз: info@send.gradus.app.

3.6. Тіркелген Пайдаланушы Әкімшіге Қосымшаға тіркелу кезінде көрсеткен өзінің электрондық поштасының адресінен немесе әлеуметтік желіге тіркелу үшін көрсеткен электрондық поштасының адресінен info@send.gradus.app электрондық пошта адресіне қосымшадан есептік жазбасын алып тастауға сұраныс жіберіп, өзі жасаған Есептік жазбадан бас тартуға құқылы. Әкімші ондай Пайдаланушының Есептік жазбасын одан сұраныс алғаннан кейін 30 (отыз) күн ішінде алып тастайды, егер ол жоғарғы тармақта келтірілген талаптарға сәйкесетін болса.

3.7. Пайдаланушы Келісімде қолданылатын, қолданыстағы заңнама тыйым салмаған кез келген тәсілмен Әкімшіден ақпараттық, push-хабарлама, атап айтқанда, Қосымша интерфейсінде, кез-келген уақыт кезеңінде, сонымен қатар Пайдаланушының электрондық поштасының адресі бойынша немесе басқа тәсілмен алуға өзінің келісімін береді. Пайдаланушы мұндай ақпаратты алудан келесі тәсілмен бас тартуға құқылы: Әкімшінің info@send.gradus.app электрондық поштасының адресі бойынша электрондық хат жолдау; Құрылғы баптауындағы push-хабарлама алуды өшіріп қою жолымен.

3.8. Пайдаланушы осымен Әкімшіге өзі тіркелу үшін, қоңырау шалу үшін, ақпараттық хабарлама жолдау үшін Келісімде қолданылатын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы тыйым салмаған кез келген тәсілмен пайдаланатын Пайдаланушының телефон нөмірін пайдалануға өзінің келісімін береді. Пайдаланушы өзінің нөмірін Әкімшінің әрі қарай пайдалануынан Әкімшіге оның info@send.gradus.app электрондық поштасының адресі бойынша электрондық хат жолдау арқылы бас тарта алады.

4.ӘКІМШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН КЕПІЛДІКТЕРІ

4.1. Әкімші Пайдаланушыға Келісімде көзделген тәртіпте және талаптармен Қосымшаға кіру мүмкіндігін беру бойынша барлық ықтимал шараларды қолданады.

4.2. Әкімшінің Қосымшаны және оның функционалдық параметрлерін пайдалану бойынша қандай да бір шектеу белгілеуге, кез келген уақытта Келісімді біржақты тәртіпте өзгертуге құқығы бар. Осы тармаққа келісе отырып, Пайдаланушы Әкімшіні Әкімшінің Келісімнің осы тармағы бойынша құқығын жүзеге асырғаны үшін өндіріп берудің және өтем төлеудің кез келген түрінен босатады.

4.3. Қосымшаға рұқсатсыз кіруге, оның жұмысының тұрақтылығын бұзуға және Әкімшінің және/немесе үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға жол бермеу мақсатында Әкімші Келісімге қолданылатын іс жүзіндегі заңнамаға қарама-қайшы келмейтін қандай да бір әрекет қолдануға құқылы.

4.4. Пайдаланушыға Келісімді және Қосымшаны пайдалану тәртібін бұзу фактісі анықталған жағдайда Әкімшінің өзінің бұзылған құқығын қорғаудың барлық тәсілін, оның ішінде келесі тәсілдерді қолданатаны, бірақ тек қана олар емес: құқық бұзушы Пайдаланушыны жасаған құқық бұзушылығы үшін азаматтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында құқыққорғау және сот органдарына арызданатыны туралы хабарланады.

4.5. Әкімшінің себебін түсіндірместен Пайдаланушы аккаунтын алып тастауға құқығы бар.

4.6. Әкімшінің кіріс шақыруды және/немесе электрондық хат жолдауды иницирлеу жолымен Пайдаланушының телефонының нөмірін немесе электрондық поштасының адресін верификациялауға құқығы бар.

5.ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ. ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ

5.1. Қосымшаға қол жеткізу «қандай түрде болса, сондай түрде» ұсынылады. Әкімші Пайдаланушыға Қосымшаның жұмысында ешқандай кепілдік және/немесе растаулар бермейді.

5.2. Келісім талаптарын орындамаған және/немесе тіиісінше орындамаған жағдайда кемшілікке жол берген Тарап Келісімге қолданылатын іс жүзіндегі заңнамаға сәйкес жауап береді.

5.3. Әкімші кез келген уақытта өзінің қалауы бойынша Пайдаланушының Қосымшаға қол жеткізуін тоқтата тұруға, шектеуге немесе доғаруға құқылы, оның ішінде, бірақ тек қана олар емес, Пайдаланушы Келісімге қолданылатын іс жүзіндегі заңнаманы бұзған жағдайда, сонымен қатар егер Әкімшіде Пайдалаушының әрекетін жосықсыз, Қосымшаның жұмыс қабілетін бұзуға бағытталған және/немесе Әкімшінің және/немесе үшінші тұлғалардың құқықтарын және заңды мүдделерін бұзуға әкелуі мүмкін, олардың құқықтарына, іскерлік беделдеріне нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттер жасады деп санауға негіз болған жағдайда.

5.4. Пайдаланушы Әкімшінің Қосымшаның көмегімен жүргізілген сауалнаманы өз қалауы бойынша қандай да бір себеппен және себепсіз алып тастайтынын немесе өзгертетінін (ескертусіз) түсінеді және оған келіседі.

5.5. Әкімші Қосымшаға немесе Сайтқа орналастырылған жарнамалық ақпараттың (егер ондай ақпарат орналастырылатын болса) мазмұны, шынайылығы және дәлдігі үшін және жарнамаланатын тауардың/қызметтің сапасы үшін жауап бермейді.

5.6. Әкімші телефон желісінің немесе қызметінің, компьютер жүйесінің, серверлердің немесе қандай да бір техникалық жаңылыс немесе провайдерлердің, компьютерлік немесе телефон жабдықтарының қандай да бір техникалық жаңылыстары немесе басқа проблемалары үшін, бағдарламалық жасақтаманың, электрондық пошта сервистерінің жаңылыстары үшін немесе техникалық скрипттер, себептер үшін кепілдік бермейді және жауап бермейді. Сонымен қатар, Әкімші Қосымшаның Пайдаланушының күткеніне сәйкеспегені үшін, Қосымшаның қатесіз және тоқтаусыз жұмысы үшін, Пайдаланушының Қосымшаға қол жетімділігінің тоқтағаны үшін жауап бермейді және әдепкі бойынша басқа жақтың аппараттық немесе бағдарламалық жасақтамасының техникалық жаңылыстарына байланысты сбептер бойынша Пайдаланушыға келтірілген шығын үшін жауап бермейді.

5.7. Әкімші Пайдаланушы немесе әлдеқандай үшінші тұлға алдында қандай да бір жанама, абайсыздықтан болған шығындар үшін, оның ішінде Қосымшаны, Сайтты пайдалануға немесе Қосымшаның немесе Сайттың көмегімен ұсынылған басқа қызметтерді пайдалануға байланысты пайда болған бос жіберілген пайда, арына, намысына немесе іскерлік беделіне келтірілген залал үшін жауап бермейді.

5.8. Әкімшіге және/немесе үшінші тұлғаға Пайдаланушының немесе үшінші тұлғаның Қосымшаны пайдалануына қатысы бар қандай да бір наразылық, қуыным білдірілген, сонымен қатар басқа талап қойылған жағдайда Пайдаланушы жоғарыда аталған наразылықтарды/қуынымдарды/талаптарды өз күшімен және өз есебімен реттеуі тиіс және Әкімшіге келтірілген барлық шығындар мен залалдарды толық көлемде өтеуі тиіс.

5.9. Әкімші Қосымша интерфейсінде орналасқан гиперсілтеме арқылы ауысу жүзеге асырылатын Интернет желісіндегі үшінші тұлғалардың веб-сайттарының қол жетімділігі және мазмұны үшін, сонымен қатар мұндай веб-сайттарды пайдалануға байланысты кез келген салдар үшін ешқандай жауап бермейді.

5.10. Қосымшада ұсынылған сауалнамалар Сізде қандай да бір жағымсыз эмоция, оның ішінде ашу немесе реніш тудыруға бағытталмаған. Егер сіз тиісті сауалнама (пікір айтуыңызды ұсыну) Сіз үшін қолайсыз деп санасаңыз, өтінеміз оған жауап беруден бас тартыңыз. Егер сіз сауалнаманы толтыруға немесе өз пікіріңізді білдіруге кіріскен болсаңыз, онда біз контентті өзіңізге қолайлы деп таныды және Әкімшіге немесе үшінші тұлғаларға мұндай сауалнамаға (өз пікірін білдіруге) қатысты қандай да бір наразылықтан бас тартты деп санаймыз.

6.ПАЙДАЛАНУШЫНЫ ТІРКЕУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ЕСЕПТІК ЖАЗБАСЫ

6.1. Пайдаланушы Қосымшаға тіркелгеннен кейін тіркелген Пайдаланушы өзінің Есептік жазбасына және Қосымша функциялары мен қызметтеріне қол жеткізу мүмкіндігін алады. Қосымшаға тіркелу тегін.

6.2. Тіркеу келесі тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады: (1) Пайдаланушының электрондық поштасын (логинін) және Қосымшаға кіретін құпиясөзін енгізу арқылы немесе (2) Пайдаланушының әлеуметтік желілердегі есептік жазбасын пайдалану арқылы, олардың тізбесі Пайдаланушының тіркелу парағында ұсынылған немесе (3) Әкімші енгізетін басқа тәсілмен (мысалы, Пайдаланушының өзінің мобильді телефонын және Қосымшаға кіретін құпиясөзін енгізу жолымен және т.б.), сонымен қатар Пайдаланушы электрондық поштасын (логинін) және Қосымшаға кіретін құпиясөзін енгізгеннен кейін Пайдаланушыға ұсыналатын міндетті «тіркеу сауалнамасын» өту немесе Пайдаланушының әлеуметтің желілердегі есептік жазбасын пайдалану арқылы.

Тіркелген кезде Пайдаланушы құпиясөз таңдайды, сол құпиясөз Қосымшада авторлану үшін қолданылады. Құпиясөз сенімді болуы және үшінші тұлғалардың есептік жазбаға қол жеткузі мүмкіндігін болдырмауы тиіс. Пайдаланушы құпиясөздің сенімділігіне, оның сақталуына және үшінші тұлғалардың қол жеткізе алмауына өзі жеке жауап береді. Әкімшіге Қосымшаға кіру үшін кез келген үшінші тұлғаның Пайдаланушының деректерін пайдаланғаны үшін жауапкершілік жүктелмейді.

Әкімшінің себебін түсіндірместен Пайдаланушының тіркелуін қабылдамауға құқығы бар.

6.3. Бір электрондық пошта адресі (логин) және / немесе телефон нөмірі үшін бірден артық аккаунт жасауға жол берілмейді. Бұл бірде бір пайдаланушы бұрын тіркелген кезде мұндай деректерді пайдаланбағанын білдіреді.

Пайдаланушының телефон нөмері бірегей болуы тиіс. Бұл бірде бір пайдаланушы бұрын тіркелген кезде мұндай деректерді пайдаланбағанын білдіреді

6.4. Тіркелген Пайдаланушының тіркелген Есептік жазбасына келесі жолы кіру кіру (авторландыру) жолымен жүзеге асырылады.

6.5. Тіркелген Пайдаланушы Қосымшадағы өзінің Есептік жазбасының қауіпсіздігі үшін, оның ішінде Есептік жазбасында көрсетілген электрондық поштасының адресі/телефонының нөмірі (логин) үшін, Пайдаланушы логині мен құпиясөзінің сақталуы үшін, сонымен қатар өзінің Есептік жазбасын пайдаланып, жасаған барлық әрекеттер үшін өзі жауапкершілікті өз мойнына алады. Тіркелген Пайдаланушы өзінің Есептік жазбасына рұқсатсыз кіру жағдайы және/немесе Қосымшаның «Кері байланыс» тарауына орналастырылған кері байланыс формасын пайдаланып, үшінші тұлғалардың қауіпсіздікті кез келген бұзуы туралы Әкімшіге дереу хабарлауға міндеттенеді.

6.6. Ақпарат жоғалған жағдайда және/немесе өзінің есептік жазбасына кіру мүмкін емес болған жағдайда Пайдаланушы оны құпиясөзді қалпына келтіру коды бар хат автоматты түрде жіберілетін өзінің электрондық поштасының адресін (логинін) енгізу жолымен қалпына келтіре алады. Пайдаланушы құпиясөзін қалпына келтіруге арналған кодты енгізгеннен кейін құпиясөзді өзгерту мүмкіндігі беріледі.

7.КӨТЕРМЕЛЕУ (БОНУСТАР)

7.1. Пайдаланушының осы тарауда мазмұндалған көлемде, тәртіпте және талаптармен көтермелеу алуға құқығы бар.

7.2. Осы Келісімнің мақсаттарын көтермелеу виртуалды балл түріндегі бонустар болып табылады, оларда Пайдаланушы Қосымшадаға көпшілік сауалнамадан өткені үшін алады.

Сауалнамадан өткені үшін Пайдаланушы ала алатын бонустар (балдар) саны туралы ақпарат Пайдаланушыға Қосымшада тиісті сауалнамадан өте алдында ұсынылады.

7.3. Пайдаланушы алған бонустар саны Қосымшада көрсетіледі. Ондай бонустар «алма» түрінде немесе Әкімшінің қалауы бойынша басқа шартты белгі түрінде көрсетіледі.

7.4. Пайдаланушы Қосымшада сауалнамадан өткеннен кейін әр жұмыс аптасының соңында Пайдаланушы жинған бонустар (балдар) «бір бонус (балл) = бір теңге» есебімен Есептік жазбаны тіркеу кезінде көрсеткен мобильді телефон нөмірінің шотына автоматты түрде аударылады.

Пайдаланушы Қосымшада осы тарауда көзделген көтермелеуді алу үшін Есептік жазбасын тіркеу кезінде көрсетілгеннен басқа телефон нөмірін көрсетуге құқылы. Егер онда телефон нөмірі басқа біреуге тиесілі болса, Пайдаланушы сол тұлғаның осы Келісімде мазмұндалған талаптармен оған тиесілі телефонды пайдалануға даусыз келісімін алуға міндетті.

7.5. Пайдаланушының немесе басқа ешқандай тұлғаның бонустардың (балдардың) баламасын заттай (қолма-қол, қолма-қолсыз немесе басқа формада) алуға құқығы жоқ.

7.5. Кейбір сауалнамалар бонуссыз, себебі олар қазақстандық қоғамның және қазақстандықтар өмірінің ерекшеліктерін зерттеу үшін әзірленген. Мұндай сауалнамалардың нәтижесі ашық қол жетімділікте болады және біздің әлеуметтік желілерде және сайтта жарияланатын болады.

Мұндай сауалнама алдында Пайдаланушы ала алатын бонустар (балдар) саны туралы ақпарат болмайды.

7.6. Пайдаланушы көтермелеу алу құқығынан айырылады, егер ол осы Келісімнің талаптарының кез келгенін бұзған болса және/немесе Пайдаланушы өзінің Әкімшінің Пайдаланушының мобильді телефонының нөмірін немесе басқа дербес деректерін пайдалану бойынша келісімін/рұқсатын кері шақыртып алса (бас тартқан болса).

7.7. Пайдаланушы көтермелеу ала алатын мерзім Пайдаланушы осы Келісімнің талаптарына сәйкес тіркеуден өткен сәтте басталады және Келісімге Әкімші біржақты тәртіпте өзгеріс енгізген сәтке дейін қолданалады.

7.8. Пайдаланушы Есептік жазабасын тіркеген кезде өзі көрсеткен телефон нөмірінің және/немесе Пайдаланушы Қосымшада бонастар (балдар) алу үшін көрсеткен басқа нөмірдің шынайылығы мен дұрыстығы үшін жауап береді. Пайдаланушы мобильді телефон нөмірін дұрыс көрсетпеуі салдарынан мобильді шотын толтыруды алмағаны үшін алған балдар (бонустар) санына тең мөлшерде өзі жауап береді. Әкімші Пайдаланушыға қандай да бір жоғалтуларын өтеп беруге міндетті емес.

7.9. Егер Әкімшіде Пайдаланушы осы Келісімнің талаптарын бұзғаны туралы күмән болса Әкімші Пайдаланушыға мұндай жағдайды растауы немесе жоққа шығаруы туралы сұраныс жолдауға және түсініктеме, қосымша ақпарат және/немесе Пайдаланушының құжатын алуға құқылы, ал Пайдаланушы тиісті тсініктеме, қосымша ақпарат және/немесе Пайдаланушы құжаттарын беруге міндетті.

Егер Пайдаланушы Әкімшіге тиісті түсініктеме, қосымша ақпарат және/немесе құжаттар бермесе және/немесе Әкімшінің ойынша түсініктеме, қосымша ақпарат және/немесе құжаттар Әкімшінің Пайдаланушының осы Келісімінің талаптарын бұзғаны туралы күмәнін жоққа шығара алмаса Пайдаланушы көтермелеу алу құқығынан айырылады.

7.10. Әкімші Пайдаланушының оның мобилді шотына телефон желісінің немесе қызметтің, компьютер жүйесінің, серверлердің немесе провайдерлердің, компьютер немесе телефон жабдықтарының, бағдарламалық жасақтаманың қандай да бір техникалық жаңылысуы немесе басқа проблемасы, банк сервистерінің/төлем жүйелерінің және тб. жаңылыстары салдарынан немесе Әкімшіге байланысты емес басқа себептер бойынша толықтыру алатынына кепілдік бермейді және алмаған үшін жауап бермейді. Әкімші Пайдаланушының және/немесе қандай да бір үшінші тұлға алдында осы тармақта мазмұндалған жағдайларға байланысты туындаған қандай да бір тікелей, жанама, абайсыздықтан келтірілген шығын, оның ішінде бос жіберіліп алған пайда, арына, намысына немесе іскерлік беделіне келтірілген залал үшін жауап бермейді.

8.ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР

8.1. Пайдаланушы Қосымшаға Пайдаланушының қол жеткізуі тек Интернет желісіне қосылған құрылғылар көмегімен берілетінін растайды және оған келіседі. Қосымша және/немесе оның функционалы Қосымшаны пайдалануға қойылатын техникалық талаптарға жауап бермейтін Құрылғыны пайдаланғанда, сонымен қатар Әкімші қарастырған басқа да шектеулер болғанда қол жетімсіз болуы (функциясы шектеулі болуы) мүмкін.

8.2. Пайдаланушы Әкімшінің Пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының қолданастағы заңнамасы регламенттеген байланыс қызметін ұсынбайтынына келіседі және мойындайды, және үшінші тұлғаларға тиесілі және Пайдаланушыларға Қосымшаға қол жеткізу беру үшін пайдаланатын құрал-жабдықтағы және байланыс желісіндегі кемшіліктер үшін жауап бермейді.

8.3. Қосымшаның жұмыс сапасы Интернет желісінің жұмыс жылдамдағына және басқа критерийлерге, оның ішінде пайдаланылатын құрылғының моделіне байланысты. Пайдаланушы Интернет желісінде Қосымшаға қол жеткізу жылдамдығының Пайдаланушы арнасының басқа ресурстардың трафиктерімен жүктелуіне және Әкімшіге бағынбайтын себептерге байланысты өзгеруі мүмкін екенін мойындайды және оған келіседі. Әкімші нақты уақытта, нақты жерде қол жеткізу жылдамдығының төмендігіне байланысты Пайдаланушының Қосымшаға қол жеткізе алмағаны үшін жауап бермейді.

8.4. Интернет желісіне қол жеткізу құқығына, тиісті құрылғыларды сатып алу мен техникалық баптауға қатысты барлық сұрақтарды Пайдаланушы өз бетінше шешеді. Мұндай сұрақтарға Келісімнің күші таралмайды және Әкімші Пайдаланушының немесе үшінші тұлғалардың бұл әрекеттері үшін жауап бермейді.

8.5. Әкімші Қосымшаны немесе Сайтты пайдаланудан және соған байланысты туындаған Пайдаланушының немесе басқа тұлғаның құрал-жабдығана немесе бағдарламалық жасақтамасына келтірілген кез келген шығын үшін жауап бермейді.

9.ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ. ҚҰПИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

9.1. Қосымшаға тіркелуге арналған деректер және автоматты түрде алынатын деректер

9.1.1. Пайдаланушы Есептік жазба жасау үшін беретін деректер:

- электрондық поштасының адресі;

- құпиясөз;

- аты және/немеске лақап аты;

- фотосы (әлеуметтік жері арқылы авторланғанда);

- жынысы;

- туған күні;

- жасы;

- тұратын облысы және/немесе елді мекені;

- білім деңгейі;

- қаржылық жаңдайы;

Құрметті Респондент! Біз Сіздің еңбекақыңыздың, кәсіпкерлік қызметіңізден алатын табысыңыздың немесе басқа түрдегі табысыңыздың мөлшері туралы ақпарат сұрамаймыз. Бізді Сіздің қаржылық жағдайыңыздың қорытындыланған сипаттамасы қызықтырмайды, себебі белгілі бір сауалнамалар / зерттеулер белгілі бір материалдық ауқаттылыққа ие адамдар арасында жүргізілуі мүмкін. Сондықтан біз Сізге «Сіз өзіңізге теледидар немесе тоңазытқыш сияқты кейбір қымбат заттарды сатып ала аласыз ба?» сияөқты сұрақтар қоя аламыз. Gradusпен J бірге болғаныңызға рахмет.

- Пайдаланушының құрылғысы және/немесе операциялық жүйесі;

- телефон нөмірі;

- Пайдаланушының геолокациясы;

- Пайдаланушы сауалнамадан/тестілеуден өткен немесе Қосымша ұсынған сұрақтар бойынша өз пікірін білдірген кезде берген кез келген басқа деректер.

Егер Қосымшаға қол жеткізу Пайдаланушының таңдауы бойынша әлеуметтік желідегі аккаунтін, Google аккаунтын пайдалану жолымен жүзеге асырылған болса Пайдаланушы Әкімшінің тиісті әлеуметтік желіде, Google аккаунтында аккаунт деректеріне қол жеткізетініне және өңдейтініне және Келісімде көрсетілген мақсатта пайдаланатынына келісімін береді.

Бұл ақпарат Қосымшада әрі қарай авторландыру үшін қажет.

Дербес деректерді өңдеу мақсаты болып табылады:

  • Пайдаланушының Қосымшада тіркелуін қамтамасыз ету;
  • Қосымшаның қызметін жетілдіру;
  • Қосымшаның Пайдаланушыға сауалнамалар/тестілеу және өз пікірін білдіру ұсынысын қалыптастыруы, іріктеуі және жолдауыы;
  • қоғамдағы әр түрлі көзқарасты көрсету үшін әр түрлі пайдаланушылардың көрсеткіштері мәліметін алу мақсатында сауалнама/тестілеу және өз пікірін білдіру нәтижесін талдау және ондай нәтижелерді талдау жүргізуге тапсырыс берген тұлғаларға беру;
  • пайдаланушылардың алаяқтығының және басқа заңсыз әрекеттерінің алдын алу;
  • сауалнама/тестілеу жүргізу және өз пікірін анықтау ұсыныстарын жолдау, атап айтқанда үшінші тұлғаларды жұмылдыра отырып;
  • Қосымша жаңалықтары туралы хабарламалар жіберу;
  • байланыс үшін телефонды пайдалану мүмкіндігі және Келісімнің 7 тарауының талаптарымен көтермелеу.

Пайдаланушының геолокациясы туралы деректерді пайдалануға болады, себебі Пайдаланушының белгілі бір облыста/ауданда/елді мекенде болуы кейбір сауалнамалардан/тестілеуден өтудің немесе Сіздің пікіріңізді білдірудің міндетті шарты болып табылады. Егер Сіз Әкімшіге мұндай ақпарат беруді қаламасаңыз онда әрқашан сауалнамалардан/тестілеуден өтуден немесе өз пікіріңізді білдіруден бас тарта аласыз.

Пайдаланушы берген дербес деректерінің шынайылығына жеке өзі жауап береді. Пайдаланушы Есептік жазба жасау үшін Әкімшіге жалған ақпарат берудің басқалардан зардаптармен қоса өзекті ақпарат, жаңа сауалнамалар туралы хабарламалар, Әкімшіден ескертулер, Келісімнің бұзылуы және осы Келісімде белгіленген басқа жағдайлар туралы ескертулер алмауға әкелетінін түсінеді және оған келіседі.

9.1.2. Автоматты түрде алынатын деректер. Қосымшаға және/немесе Сайтқа қол жеткізген кезде мұндай пайдалануға байланысты автоматты ақпарат жинау жүзеге асады. Мысалы, Пайдаланушы Қосымшаны пайдаланған және/немесе Сайтқа кірген әр жолы қосылу орнатылады, Сайттағы/Қосымшадағы деректерге қол жеткізу жүзеге асырылады және log-файл жасалады. Онда болуы мүмкін:

- Қосымшаға және/немесе Сайтқа қол жеткізу күні мен уақыты;

- Қосымшаға және/немесе Сайтқа қол жеткізу іске асырылған IP-адрес;

- Сіз Сайтта немесе Қосымшада хабарласқан деректер немесе файл атауы;

- Сайтта және / немесе Қосымшада өткізілген уақыт мөлшері;

- веб-браузердің, операциялық жүйенің атауы мен версиясы;

- Сайтқа және/немесе Қосымшаға көшу жасалған веб-сайт атауы.

Бұл ақпарат қауіпсіздік мақсатында Сайттың және / немесе Қосымшаның жұмыс өнімділігін жақсарту үшін, Сайттың және / немесе Қосымшаның жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар Сайтты және/немесе Қосымшаны ықтимал сыртқы шабуылдардан қорғау үшін пайдаланылады. Бұдан өзге, Әкімші бұл деректерге ститистикалық талдау жасай алады.

Құрылғы түріне байланысты Әкімші құрылғы туралы, оның ішінде моделі, операциялық жүйесі, экран шешімі, құрылғының бірегей сәйкестендіргіші туралы ақпарат ала алады.

Пайдаланушы мобильді құрылғының көмегімен Қосымшаға кірген кезде Әкімші сонымен қатар ондай құрылғының орналасқан жері туралы ақпарат ала алады. Бұл ақпарат Қосымшаға қандай географиялық объектіден кірілгенін анықтау үшін пайдаланылады, себебі кейбір сауалнамадан / тестілеуден өтудің немесе өз пікіріңізді білдірудің міндетті талабы белгілі бір аумақты болу болып табылады. Пайдаланушы өзінің мобильді құрылғысының локация қызметін баптауды пайдаланып, орналасқан жері туралы ақпарат беруді шектей алады.

9.1.3. Пайдаланушы өңдеуге, оның ішінде 9.1.1, 9.1.2 тт. көрсетілген мақсаттарда Әкімшінің немесе үшінші тұлғалардың Пайдаланушы берген дербес деректерді беруіне (деректерді трансшекаралық беруді пайдаланумен қоса) өз келісімін береді, сонымен қатар келесі мақсаттарда:

- Пайдаланушыны Сайтты және / немесе Қосымшаны пайдалану аясында сәйкестендіру үшін;

- Сайтты және/немесе Қосымшаны пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар Пайдаланушыға ақпараттық қызмет көрсету үшін;

- Пайдаланушымен байланыс үшін, оның ішінде Сайтты және/немесе Қосымшаны пайдалануға қатысты хабарламалар, сұраныстар және ақпараттар, жаңалықтар жөнелтімдерін және тауарлар, қызметтер, арнайы ұсыныстар туралы жарнамалық ақпараттар жөнелту үшін;

- пайдаланушылардан түскен сұраныстар мен өтінімдерді Әкімшінің немесе Сайтты және/немесе Қосымшаны қолдау қызметінің өңдеуі үшін;

- Сайттың және/немесе Қосымшаның жұмыс сапасын жақсарту, оларды пайдалану қолайлылығы үшін;

- қызметтік хабарламалар жөнелту үшін (мысалы, пайдаланушының Есептік жазбасына қол жеткізетін құпиясөзді қалпына келтіру үшін);

- үшінші тұлғалармен бірлескен зерттеу жүргізу үшін;

- тұлғасыздандырылған деректер негізінде статистикалық және басқа зерттеулер жүргізу үшін;

- Әкімшінің өз клиенттеріне талапқа сай қызмет ұсынуы үшін, оның ішінде үшінші тұлғаларды жұмылдыра отырып / серіктестікте.

9.1.4. Әкімші Пайдаланушының дербес деректерін құқықтан тыс қол жеткізуден, жойып жіберуден, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіріп алудан, таратудын, сонымен қатар үшінші тұлғалардың басқа құқықтан тыс әрекеттерінен қорғау бойынша қажетті және жеткілікті ұйымдастыру және техникалық шаралар қабылдайды.

9.1.5. Әкімші Пайдаланушы туралы ақпаратты Келісімде қарастырылған мақсаттар мен тәсілдерден өзге үшінші тұлғаларға ашпауға, таратпауға, сатпауға, шеттетпеуге немесе Пайдаланушының келісімінсіз басқа тәсілмен билік етпеуге міндеттенеді, соттың және / немесе құқыққорғау органдарының талабы бойынша тиісті елдің қолданыстағы заңнамасының шегінде ақпаратты ашқаннан өзге.

9.1.6. Пайдаланушыға интернет-провайдерлер, мобильдік байланыс операторлары немесе Интернет желісінің басқа ресурстары қызмет ұсынған жағдайда және оларды (қызметтерді) Пайдаланушы Сайтқа және/немесе Қосымшаға қол жеткізу алу үшін пайдаланатын жағдайда Пайдаланушы өзінің дербес деректерін жоғарыда аталған тұлғалардың өңдеуіне өз келісімін береді.

9.1.7. Пайдаланушының өзінің дербес деректерін өңдеуге келісуі және дербес деректерді пайдалану мерзімі ҚР Дербес деректер туралы Заңының 12 бабының 2 т. сәйкес әрекет етеді: дербес деректерді сақтау мерзімі оларды жинау мен өңдеу мақсаттарына жететін күнмен анықталады, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше қарастырылмаса.

9.1.8. Егер Пайдаланушы өзінің дербес деректерін өңдеуге өз келісімін кері шақыртып алу қажет деп санаса Пайдаланушы тиісті хабарламаны келесі электрондық пошта адресіне жолдауы тиіс: info@send.gradus.app. Ондай жағдайда Әкімші Пайдаланушының Есептік жазбасын және оның дербес деректерін Қосымшадан алып тастайды. Осы тармақта қарастырылған құқық қолданыстағы заңнаманың талаптырна сәйкес шектелуі мүмкін. Ондай шектеулер Пайдаланушы алып тастаған ақпаратты Әкімшінің қолданыстағы заңнамда белгіленген мерзімге сақтау және ондай ақпаратты заңнама белгілеген процедураға сәйкес мемлекеттік органға беру міндетін қарастырады.

9.1.9. Дербес деректердің иесі мен таратушысы «Gradus Kazakhstan» ЖШС болып табылады, 050000, Алматы қ., Әл-Фараби даң., 17, кеңсе 834.

9.1.10. Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының (әрі қарай - «Закон») 24 бабында көзделген дербес деректер субъектісі ретіндегі Сіздің құқығыңыз:

1) меншік иесінде және (немесе) операторда, сонымен қатар үшінші тұлғаларда өзінің дербес деректерінің бары туралы білуге, және келесілер берілген ақпарат алуға:

дербес деректер жинау және өңдеу фактісін, мақсатын, көздерін, тәсілдерін растау;

дербес деректер тізбесі;

дербес деректерді өңдеу мерзімі, оның ішінде оларды сақтау мерзімі;

2) меншік иесінен және (немесе) оператордан тиісті құжаттармен растайтын негіз болған жағдайда өзінің дербес деректерін өзгертуді және толықтыруды талап етуге;

3) меншік иесінен және (немесе) оператордан, сонымен қатар үшінші тұлғадан дербес деректерді жинау және өңдеу талаптары бұзылғаны туралы ақпарат болған жағдайда өзінің дербес деректерін бүғаттауды талап етуге;

4) меншік иесінен және (немесе) оператордан, сонымен қатар үшінші тұлғадан жинау мен өңдеу Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылып жүзеге асырылған, сонымен қатар Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген өзге жағдайларда өзінің дербес деректерін жоюды талап етуге.

5) дербес деректерін жинауға, өңдеуге келісімін кері шақыртып алуға, Заңның 8 бабының 2 тармағында көзделгеннен өзге жағдайларда;

6) меншік иесіне және (немесе) операторға өзінің дербес деректерін дербес деректердің жалпыға қол жетімді көздерінде таратуға өз келісімін беруге (беруден бас тартуға);

7) өз құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауға, оның ішінде моральдік және материалдық залалды өндіріп беруге;

8) Заңда және Қазақстан Республикасының өзге заңдарында қарастырылған басқа құқықтарын жүзеге асыруға.

9.1.11. Сіздің дербес деректеріңіз бұлт серверлерінде сақталады, оларды Әкімші «DigitalOcean: Holland» атауымен пайдаланады. Мұндай серверлер Нидерланды Корольдігі аумағында орналасқан.

9.2. Сайтта және/қосымшада Пайдаланылатын cookies файлдары:

9.2.1. Пайдаланушы Әкімшінің cookies файлдарын пайдалануына өзінің келісімін береді, cookies файлдарының көмегімен Пайдаланушының Құрылғысына Интернет желісі бойынша ол туралы жеке ақпаратты сақтауға және оларды Сайтты және/немесе Қосымшаны және талдау аспаптарын кейіннен пайдаланған кезде сәйкестендіруге мүмкіндік беретін сәйкестендіруші мәтіндік файлдар жіберіледі.

cookies файлдары анонимді деректер мен Пайдаланушының Сайтты және/немесе Қосымшаны пайдалану статистикасын жинау үшін пайдаланылады. Олар Сайттың және/немесе Қосымшаның тиімділігін өлшеуге, контентті жетілдіруге және баптауға, Сайттың және/немесе Қосымшаның пайдаланылуын барынша қолайлы етуге көмектеседі.

Сессиялық cookies файлдары

Бұл cookies файлдары сеанс ішінде ғана қолданыста болады. Олар сіз браузерді өшіргенде немесе жапқанда құрылғыдан жоғалып кетеді.

Тұрақты cookies файлдары

Бұл cookies файлдары браузерді жапқаннан немесе құрылғыны өшіргеннен кейін құрылғада қалады. Олар Пайдаланушы Сайтқа және/немесе Қосымшаға кірген әр жолы активтеледі және оның бірегей сәйкестендіргіші бар. Бұл Қосымшаның және/немесе Сайттың функционалық дараландыру үшін қажет.

9.2.2. Әкімші cookies файлдарын жоғарыдағалармен қоса келесілер үшін пайдалана алады:

- Есептік жазбаға автоматты кіру үшін қажетті Пайдаланушының есептік деректерін сақтау үшін, Пайдаланушының мұндай деректерді қайтадан енгізу қажеттігінсіз. Сонымен қатар Пайдаланушының Сайтұа және/немесе Қосымшаға алдын ала кіру бойынша баптауларды сақтау үшін (ел, тіл және т.б.), Қосымшаны Пайдаланушыларға жолданған сұрақтардың жауаптарын жадқа сақтау үшін (мысалы, жынысы, жасы және т.б.).

- Пайдаланушының Сайттағы және/немесе Қосымшадағы әрекеттері туралы мұқият техникалық деректер алу, мысалы, бетке соңғы кіргені туралы мәлімет, атап айтқанда кірген беттері мен онда болған уақыты, Сайттың және/немесе Қосымшаның таңдалған фрагменттері. Осының арқасында Әкімші Сайттың және/немесе Қосымшаның ең әйгілі тарауларын анықтай алады және көрсетілетін қызмет сапасын жақсарта алады.

- Пайдаланушы қарап көрген жарнамалық-ақпараттық материалдары туралы ақпарат алу.

9.2.3. Пайдаланушыөз браузерінде тиісті баптауларды таңдап алып, cookies файлдарын пайдаланудан бас тарта алады:

- Chrome үшін, өтінеміз Google-нің келесі бетіне кіріңіз: https://support.google.com/accounts/answer/32050

- Internet Explorer үшін, өтінеміз, Microsoft-тың келесі бетіне кіріңіз: http://support.microsoft.com/kb/278835

- Firefox үшін, өтінеміз, Mozilla-ның келесі бетіне кіріңіз: https://support.mozilla.org/en-US/kb/delete-cookies-remove-info-sites-stored

- Safari үшін, өтінеміз, Apple-нің келесі бетіне кіріңіз: https://support.apple.com/kb/PH21411?locale=en_US

cookies-ті пайдаланудан бас тартқан жағдайда Сайттың және/немесе Қосымшаның кейбір функциялары Пайдаланушы үшін қол жетімсіз болуы мүмкін.

10.ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК

10.1. Әкімшіге Сайт пен Қосымшаға зияткерлік меншіктің барлық ерекше мүліктік құқықтаоры тиесілі. келісімше рұқсат етілгеннен өзге Сайтты және/ немесе Қосымшаны Әкімшінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз кез келген пайдалануға қатаң тыйым салынады.

11.ҚОСЫМША ТАЛАПТАР

11.1. Шарттың қолданыстағы редакциясына келесі адрес бойынша еркін қол жеткізуге болады: https://gradus.app/uk/rules/.

11.2. Келісімге Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады. Келісімде реттелмеген сұрақтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуге жатады.

11.3. Келісім анықталмаған мерзімге жасалады және өз әрекетін пайдаланушыларға Сайтты және/немесе Қосымшаны пайдалану фактісі жүзеге асқан сәттен бастап таратады.

11.7. Келісім мәтінінде бас әріппен жазылатын барлық терминдер олар үшін Келісімде келтірілген мазмұнға ие және олардың мазмұны жеке және көпше түрдегі барлық сөз формаларына таралады. Келісімде пайдаланылған және онда анықтама берілмеген басқа терминдер Келісімге қолданылатын іс жүзіндегі заңнамада анықталған мазмұнға ие. «Қоса» және «оның ішінде» сөздері сонымен қатар «шектеусіз» түсінігін білдіреді.

11.8. Қандай да бір әрекетті жасамауға тараптың кез келген міндеттемесіне мұндай әрекеттіің жасалуына жол бермеу міндеттемесі кіреді.

11.10. Сайт және/немесе Қосымша бойынша кез келген сұрақ, хабарлама, ұсыныс, шағым болған жағдайда Әкімшінің заңды мекен-жайына тиісті хат жолдау жолымен Әкімшіге хабарласуға болады: 050000, Алматы қ., Әл-Фараби даң., 17, 834 кеңсе немесе info@send.gradus.app электрондық адресі бойынша.